Өскеменде арқан тартудан республикалық сайыс өтеді

4 Шілде 2024, 23:45
237
Бөлісу:
Өскеменде арқан тартудан республикалық сайыс өтеді
Фото: скрин

5-7 шілде аралығында Өскеменде арқан тарту бойынша ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, осы ұлттық спорт түріне көпшіліктің қызығушылығын арттыру.

Жарысқа ел өңірлерінен 130-ға жуық спортшы қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арқан тарту ережесіне сәйкес жинаған ұпайлары бойынша анықталады.

Жарыстың салтанатты ашылуы 6 шілдеде сағат 12.00-де өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан атындағы Жекпе-жек сарайы, Сәтпаев даңғылы, 82/1.

Өзгелердің жаңалығы