Өскеменде алдағы үш жылда 100-ге тарта үйдің қасбеті жөнделеді

8 Мамыр 2023, 00:45
1110
Бөлісу:
Өскеменде алдағы үш жылда 100-ге тарта үйдің қасбеті жөнделеді
Фото: qazaquni.kz

Облыс орталығында Назарбаев даңғылы мен Металлургтер көшесіндегі үйлердің қасбеттері жаңартылуда. Ғимараттардың қабырғалары бірыңғай ашық сары түске, терезе жақтаулары ақ түске боялуда. Жөндеу жұмыстары Назарбаев даңғылындағы №74, № 51 үйлердің қасбеттерінде жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ құрылысшылар Металлургтер көшесіндегі №37 үйдің қасбетін де жаңартты. Бүгін аталмыш жұмыстардың барысымен әдеттегідей қаланы аралау кезінде қала әкімі Жақсылық Омар танысты.

Бұл – қаланың ежелгі тарихи орталығы, негізгі орталық көшелері. Биыл жаңартудың бірінші кезеңіне бюджеттен қаражат бөлінді. Біздің сәулетшілер үй туралы ұсыныстар әзірледі. Жоспарға сай егер шілде немесе тамыз айларында мамандар бірінші кезеңді ойдағыдай аяқтай алса, екінші кезеңге қаражат бөлетін боламыз. Бұл тек сыртын бояй салу емес, толыққанды жөндеу. Қала тұрғындарының көпшілігі менен неге тоқсары түс таңдалды деп сұрайды. Оны біз тұрғындармен ақылдаса келе, сонау 1950-ші жылдары осы үйлер салынған кезде алғаш боялған түсін қалтыруға шешім қабылдадық, – деп түсіндірді Жақсылық Омар.

Шаһар басшысының айтуынша, жоспардағы бірінші кезең аясында Назарбаев даңғылы басталатын Спорт сарайынан Металлургтер көшесіне дейінгі 20-дан астам тұрғын үй жөнделеді. Үш жыл ішінде қалада кем дегенде 100 үй жаңартылмақ.

Өзгелердің жаңалығы