Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғырту жобасы аясында 9 117 жаңа шам орнатылды, бұл жоспарланған көлемнің 71%-ын құрайды.
Бұл туралы ШҚО әкімдігі хабарлады.
Көшелерді жарықтандыру желілерін жаңғырту жобасы аясында облыс орталығында биыл 14 мыңға жуық заманауи жарықдиодты шам мен энергия үнемдейтін шамдарды орнату жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда қалаға 10,5 мыңнан астам шам орнатылуы тиіс болса, қазіргі уақытта оның 9 117-сі (немесе жоспарланған көлемнің 71%) орнатылды. Қалғанын «Горсвет» ЖШС және «Біріккен энергоСервистік Компаниясы» АҚ қыркүйек айының соңына дейін орнатуға міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында Өскемен қаласындағы ескірген шамдарды жарық жанатын жарықдиодты шамдарға ауыстыру және жарықты біркелкі етіп реттейтін көше шамдарын басқарудың зияткерлік жүйесін енгізу жоспарланған.
Инфрақұрылымды жаңарту арқылы қала көшелерін жарықтандыру тиімді болады және жаңа технологиялар энергияны екі есе үнемдеуге мүмкіндік береді.