Өскеменде 5 көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

12 Маусым 2021, 20:52
1241
Бөлісу:
Өскеменде 5 көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында 5 көлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті.

Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы 11 маусымда сағат 17:25 шамасында Меновное ауылының Ярославская көшесінде болған.

SKODA маркалы автокөліктің 31 жастағы жүргізушісінің жылдамдықты шектен тыс асыруының салдарынан ГАЗ 3110, TOYOTA, MAZDА, SUZUKI көліктері соқтығысқан. Жол апаты орын алған жерге бірден полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері келіп жетті. Екі жүргізуші мен бір жолаушыға медициналық көмек көрсетілген, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.






Өзгелердің жаңалығы