Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында көпқабатты үйдің балконынан 3 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға 2 мамыр күні сағат 18:24-те Виноградов көшесінде болған.
2018 жылы туған бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті. Үйде әкесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері баланы бірден ауруханаға жеткізді. Қазір бүлдіршін Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызыл, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар көп жағдайда балалар ата-анасы қараусыз қалдырған кезде құлайтынын ескертті.