Өскеменде 19 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

21 Тамыз 2023, 02:22
1235
Бөлісу:
Өскеменде 19 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті
Фото: ШҚО ТЖД

Өскемен қаласында суицид жасамақ болған ер адам көпірден секірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 20 тамызда Өскемен қаласында болған. Құтқарушыларға ер адамның Ертіс өзеніндегі көпірден секірейін деп тұрғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл келіп жетті.

Санаулы минутта қайықпен жеткен құтқарушылар көпірде полиция қызметкерлерінің суицид жасамақ болған адамды сөзге тартып, райынан қайтармақшы болып тұрғанын көрді. Кенеттен ол суға секіріп кеткен, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД қызметкерлері лезде жүзіп барып, суға құтқару шеңберін лақтырды. Алайда жігіт оған қарамады. Сол кезде олар қайықпен жанына келіп, судан алып шықты.

Көп ұзамай құтқарушылар 19 жастағы жігітті жағалауға жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы