Өскеменде 11 балалар алаңы жабдықталады

23 Маусым 2023, 02:40
459
Бөлісу:
Өскеменде 11 балалар алаңы жабдықталады
Фото: архив

Облыс орталығында шілде айының соңына дейін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 11 балалар алаңы жабдықталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді.

Биыл аулаларды абаттандыру жұмыстарын алматылық мердігер жүргізетін болады.

Өткен жылы қаладағы 4 аулада абаттандыру жұмыстары аяқсыз қалған болатын.

Кейбір тұрғындар бізден ауланы кеңейтіп, көлік тұрағын қоюды сұраса, кейбірі тек балалар алаңын жабдықтауды сұрайды. Сондықтан ағымдағы жылы 30 ауланы жөндеуді жоспарлап отырмыз. Оның 11-іне балалар алаңы орнатылса, қалған 19-ында кешенді абаттандыру жүргізіледі. Барлық жұмыс тұрғындардың келісімімен жасалады, – деп атап өтті Жақсылық Омар.

Өзгелердің жаңалығы