ШҚО полицейлері құрамында 3,5 тоннадан астам спирт бар ерітінді тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Polisia.kz сайтында хабарланды.
26 маусым Өскемен қаласында полиция қызметкерлері облыс орталығының 41 жастағы тұрғынының басқаруымен Hyundai микроавтобусын тоқтатты. Автокөлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары тиісті құжаттарсыз құрамында спирті бар сұйықтықпен толтырылған 739 пластикалық бөтелкені тапқан. Тәркіленген заттарды әрі қарай тексеру үшін сараптамаға жолданды, - делінген хабарламада.