Алматы, BAQ.KZ. Осы жылдың маусым айының басында Өскемен қаласындағы Ертіс ПБ "102" жедел каналына бөгде әйелге алданып қалған облыс орталығының 64 және 32 жастағы тұрғындары хабарласты, деп жазды Алтайньюс.
Полицейлер күдіктінің шағын несие ұйымында несие ресімдеуге көмек көрсетемін деген сылтауымен олардың жалпы сомасы миллион теңгеге жуық ақша қаражатын иемденгенін анықтады.
Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде алаяқтық үшін бұрын сотталған 53 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол жауап алу кезінде кінәсін мойындады.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.