Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді.
Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-дан 66 шақырымға дтас жолейінгі учаскесінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар көліктердің қозғалысына тыйым салынды. Жолда тиісті белгілер орнатылған. Шектеу қыс мезгілінің соңына дейін сақталады, - делінген ақпаратта.