Өскемен мен Семейде демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

5 Тамыз 2021, 13:15
3354
Бөлісу:
Өскемен мен Семейде демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, бұл короновирус инфекциясының кең таралып кетпеуін және облысты «қызыл» аймақтан шығару үшін амалсыздан жасалып отырған шара.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық мәслихаттың 7-сессиясында коронавирусқа қатысты жағдайды тұрақты бақылап отырғанымызбен, әлі де күрделі деді. Облыс қазір «қызыл» аймақта тұр. Короновирус инфекциясын жұқтырғандардың 41%-ы Семейде, 34%-ы Өскеменде тіркелген. Риддер, Глубокое және Ұлан аудандарында ковидпен ауырғандардың саны өсіп барады. 

Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту үшін демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын шектеу туралы шешім қабылданды. 

Барлық тамақтану орнының жұмысы қатаң бақылауда болады. Бизнеске жасалған жеңілдік шектеулер мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамау дегенді білдірмейді. Сондықтан кәсіпкерлер де өз нысандарын қадағалаулары керек, - деп атап өтті Ахметов. 
Сондай-ақ ол вакцина егу қарқыны бойынша облыс жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын айтты. Вакцинаның екі компонентін де 325 мыңнан астам адам алған. Айта кету керек, ШҚО-да күніне 13 мың адамға вакцина салынады. 
Облыста 39 инфекциялық стационар жұмыс істейді, сондай-ақ біз тағы 8 100 төсек-орынды әзірлеуге дайынбыз. Республика бойынша әзірге жұмыс жүктемесі ең төмен біздің емханалар, бірақ босаңсуға болмайды, - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы