Өскемен қаласының тұрғынынан есірткі оралған түйіншек тәркіленді

2 Наурыз 2021, 15:02
2075
Бөлісу:
Өскемен қаласының тұрғынынан есірткі оралған түйіншек тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының полиция басқармасына қала аудандарының бірінде ер адам есірткі заттарын заңсыз сақтағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Тексеру кезінде криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотталған 40 жастағы ер адамды ұстады. Жеке тінту барысында сол жақ сыртқы қалтасынан скотчпен оралған өсімдік тектес, спецификалық иісі бар,қоңыр-жасыл түсті полимерлік түйіншек табылып алынды, сондай-ақ спорттық күртешесінің сол және оң жақ қалталарынан тағы 2 полимерлік түйіншек тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 349 гр - "кептірілген марихуана" есірткі құралы, ол шамамен 90 реттік дозаны құрайды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296- бабы 2- бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

 



Өзгелердің жаңалығы