Өскемен қаласында сотталғандарды вакциналау жалғасып жатыр

22 Маусым 2021, 20:45
7119
Бөлісу:
Өскемен қаласында сотталғандарды вакциналау жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алу жалғасуда.

Сотталғандар алдымен коронавируска қарсы вакцина салдыруға келісетіні немесе бас тартатыны туралы тиісті құжатқа қол қояды. СОVID-19-ға қарсы екпе қабылдау алдында міндетті түрде сотталғандар термометрия жүргізу арқылы медициналық қызметкерлердің тексеруінен өтіп, аллергиялық реакциялар мен созылмалы аурулардың бар-жоғы ескеріледі.  

Бүгінгі таңда 1030-ден артық қоғамнан оқшауға байланысты емес сотталған екпе салдырған. Сотталғандарға вакцинациялау жасауға олардың тұрғылықты орны бойынша тіркелген медициналық мекемелердің қызметкерлері жұмылдырылған. 

Бүгін мен «Спутник-V» екпесін қабылдадым. Вакцинаны өзімді және айналамдағы адамдарды қауіпсіздендіру үшін салдырдым, - дейді «К» есімді сотталған.   

Өскемен қаласында пробация есебінде барлығы 2687 сотталған тұр. 

Мұның алдында ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері де екпе салдыртты, - деді Сол жағалау пробация инспекторы, әділет лейтенанты Қ. Қайнаров.
Өзгелердің жаңалығы