Өскемен әуежайы жұмысын қайта бастайды

12 Тамыз 2021, 19:43
3321
Бөлісу:
Өскемен әуежайы жұмысын қайта бастайды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығының әуе айлағын реконструкциялау жұмысы белгіленген кестеден бұрын атқарылып жатыр. Әуежайдағы жұмыстарды қадағалаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов осылай деді.

Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өскемен әуежайы жұмысын қайта бастайды

Өскемен әуе айлағын реконструкциялау жұмыстары аяқталып қалды. Жақын арада мұнда жарық-дабыл жабдығы орнатылады және техникалық қызметтердің бір бөлігі орналасатын ғимарат салынады.

Әуежайды жаңғырту барысында ескі ұшу-қону жолағына жаңа әрі заманауи жабын төселді. Сонымен қатар, оның ұзындығы 2800 метрге, ені 60 метрге дейін кеңейтілді. Жаңа ұшу-қону жолағы әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және жоғары кластағы ұшақтарды қабылдауға, бағыттар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Өскемен әуежайы жұмысын қайта бастайды

Қазір ШҚО-на әуежайларды сертификаттайтын арнайы комиссия да келді. Сондай-ақ, Азаматтық авиация комитеті мамандарының басшылығымен әуежайдың ұшу-қону жолағы арнайы тесттен өткізіледі.

Аймақ басшысының айтуынша, Өскемен әуежайы соңғы рет 1996 жылы жөнделген. Сондықтан жаңартатын уақыт жеткен.

Биыл 1 қазанда облыс орталығының әуежайы жұмысын қайта бастайды, - деді Д.Ахметов.

Өскемен әуежайы жұмысын қайта бастайды

Айта кету керек, әкім ұшып келетін жолаушыларға ыңғайлы болу үшін әуежай ғимаратын қайта жаңғырту жобасы бойынша құжаттама дайындауды тапсырды.


Өзгелердің жаңалығы