Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
ОСК баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына және ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 10 сәуірдегі №10/232 қаулысымен бекітілген 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 7-тармағына сәйкес, эфир мен баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын - 2019 жылғы 5 мамырда хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ оның интернет-ресурсында орналастыру үшін Орталық сайлау комиссиясына ұсынуы тиіс."Сонымен бірге, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан 5 күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралының Президенттікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады", - делінген таратылған ақпаратта.