ОСК: Бүгін – сайлауалды үгіттің соңғы күні

17 Наурыз 2023, 11:35
1155
Бөлісу:
ОСК: Бүгін – сайлауалды үгіттің соңғы күні

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін сайлау науқаны аясында 31-ші отырысымызды өткізіп отырмыз. Орталық сайлау комиссиясы кез келген сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу кезіндегі жұмысында басымдықты ең алдымен электоралдық оқытуға береді. Сайлау тек қоғамдық-саяси ғана емес, сонымен бірге құқықтық процесс. Сондықтан сайлау процесінің барлық қатысушылары сайлау туралы Конституциялық заң мен тиісті құқықтарға және міндеттерге ие бола отырып, өз өкілеттіктерін заңнаманы мүлтіксіз сақтау арқылы орындаулары тиіс. Бұл – сайлау институтына және заңдылығына қоғам сенімінің кепілі. Осыған орай ОСК алдыңғы науқандардағыдай барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерін, сондай-ақ сайлау процесінің басқа да қатысушыларын каскадты әдіс арқылы оқытуды ұйымдастырды., - деп атап өтті комиссия басшысы.

Сонымен қатар ол бүгін сайлауалды үгіттің соңғы күні екенін ескертті. 

Сондай-ақ сайлау алдындағы үгіт сайлау туралы Конституциялық заңның нормаларына сәйкес сайлау болатын күннің алдындағы соңғы күні сайлау процесіне қатысушылардың барлығының назарын ертең, яғни 18 наурыз – Тыныштық күні екеніне назар аударамын. Ертең ешқандай үгіт жасауға болмайды. Тыныштық күні сайлау алдындағы үгітпен байланысты кез келген іс-әрекетке тыйым салынады және ол үшін заңнамамен құқықтық жауапкершілік көзделген, - деді Нұрлан Әбдіров. 

Өзгелердің жаңалығы