Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 08.00-дегі жағдай бойынша барлық өңірде 10146 учаске дауыс беруге кірісті, - деп атап өтті ОСК бас хатшысы.
Айтуынша, шет мемлекеттердегі дауыс беру жергілікті сағаттық белдеудегі айырмашылықты есепке ала отырып жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ 17 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 18 учаскеде дауыс беру басталды. Осылайша, қазіргі уақытта дауыс беру 10164 сайлау учаскесінде өтуде. Сағат 10.00-ден бастап әр екі сағат сайын әріптестеріммен азаматтардың сайлау учаскелерінде дауыс беруіне қатысты ақпаратты хабарлап отыратын боламыз, - деді Мұхтар Ерман.
Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров дауыс беру Үндістан, Пәкістан, Түркмения, Өзбекстан мен Тәжікстанда басталғаны туралы қосымша мәлімет таратты.