"Өшін алады". Сотта Нүкенова мен құрбысының жеке хаттары оқылды

10 Сәуір 2024, 10:36
9300
Бөлісу:
"Өшін алады". Сотта Нүкенова мен құрбысының жеке хаттары оқылды
VIDEO
Фото: Салтанат Нүкенованың әлеуметтік желісінен

Бишімбаевтың сотында марқұм Салтанат Нүкенова мен оның құрбысы Аида Ахмединаның өзара жазысқан хаттары оқылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жазбасының бірінде Ахмедина Нүкеноваға "Сонда ол сенен нені қалайды?" деп сұраған.

Ол ештеңені қаламайды. Мен онымен диалогқа шықпаймын, өз дегенімде қаламын. Ол махаббат туралы айтып жылайды, кейін менің қандай ұсқынсыз екенімді айтады. Егер мен оралмасам, ол өшін алуға тырысады. Әзірше бір апта күтемін, сосын бұл нәрселер жайлы анама жазамын, - делінген хатта.

Кейін құрбысы "Қандай өшін алады?" деп сұрақ қойған. Нүкенова өзінің соққы алған фотосуретін ағасына жібергенін айтып, Айтбек Амангелдінің үйге келетінін күтпегенін жеткізген. Жазбасында Бишімбаев пен Айтбек арасындағы жанжал төбелеске ұласқанын жазады.

Сондай-ақ Нүкенова бірнеше рет кетуге оқталғанын айтқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сот-медициналық сараптама қызметкері Бишімбаевтың айтқанын жоққа шығарғанын жазған едік.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы