Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент тұрғыны Қошқарата өзенінде жүзіп жүрген егеуқұйрықтарды түсіріп алған.
Видео Otyrar.kz сайтында жарияланған. Видео авторы өзенде шомылып жүрген адамдар үшін алаңдаулы, өйткені егеуқұйрықтар қауіпті инфекция тасымалдаушысы болуы мүмкін.Бұл кеміргіштер Шымкент қаласы үшін үлкен проблема болып отыр.
Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасында кеміргіштермен күрес үшін қаржы жетпіспей отырғанын айтқан. Бір жылға 42 миллион теңге бөлінген. Бұл сома тек қоқыс полигонын, қалдықтарды жинайтын жерді және өзен арналарын дезинфекциялауға жеткен.