Осал топтан шыққан түлектер грантты алу үшін құжатты қайда тапсырады

21 Сәуір 2021, 17:01
1623
Бөлісу:
Осал топтан шыққан түлектер грантты алу үшін құжатты қайда тапсырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің басқарма басшысы Жанна Есінбаева әлеуметтік осал санаттардан шыққан азаматтар оқу грантына құжатты қайда тапсыра алатынын айтты.

І, ІІ топтағы мүгедектер үшін, бала кезінен мүгедектігі бар және мүгедектігі бар азаматтар арасынан шыққан балалар үшін 1%-дық квота қарастырылған. Бұл осы санаттағы адамдарда өздерінің гранттары болады деген сөз. Олар конкурсқа басқа да азаматтар сияқты шілде айында құжаттарын тапсырады, - дейді ол.

Басқарма басшысы атап өткендей, биыл құжаттарды тапсыру тізімі жеңілдетілді.

Құжаттарды тапсыру Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Яғни тек қана өтініш жазады. Ал басқа қалың құжаттарды арнайы ақпараттық жүйелерден алып отырамыз деп жоспарлап отырмыз, - деп айтты Есінбаева.

Егер Электрондық үкімет порталына құжаттарды тапсыра алмаған жағдайда, онда ЖОО-да жұмыс істейтін арнайы қабылдау комиссиясына немесе виртуал қабылдау комиссиясына өтініш жаза алады.

Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 51 мыңнан аса грант бөлінеді.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына гранттар бөлініп келеді.


Өзгелердің жаңалығы