Прокуратура жүргізген тексерудің нәтижелері бойынша Қарағанды облысында кент әкімі аппаратының бухгалтері сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осакаров ауданының прокуратурасы Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептегенін анықтады.
Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеді. Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді, - делінген Қарағанды облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.