Өрттің себебі жемқорлық па? Ринат Зайытов апаттың бірнеше себебін атады

14 Маусым 2023, 13:53
1409
Бөлісу:
Өрттің себебі жемқорлық па? Ринат Зайытов апаттың бірнеше себебін атады
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Абай облысындағы ормандағы апаттың бірнеше себебін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орман өртінің себебі не деп ойлайсыз? Жемқорлық па? – деп сұрады журналист депутаттан.

Тек қана жемқорлық деп ойламаймын. Өйткені бұл жерде қылмыстық әрекеттер де болуы мүмкін. Қазір ол ақпарат халық арасында тексеріліп жатыр. Орман қызметкерлерінің өзі «ағаштарды кесіп сатады» дейді, одан кейін оның артын жабу үшін кішігірім жерлерді өртеп жіберген» деген оқиғалар болғаны айтылып жатыр. Осының бәрін тексеру керек, - деп айтты Зайытов.

Депутат қылмыс туралы факті анықталса, Қылмыстық Кодекстегі нормативке сай тиісті жаза барлығына қолданылуы керегін айтты.

Бірақ бұл мәселе алдымен толық зерттелуі керек. Өйткені қазір бір орманшы әкеп, оны соттап жібере салуға тағы болмайды. Бұл үлкен жүйе болғандықтан, оны толыққанды зерттеу керек, - деді Ринат Зайытов Мәжілісте.

Ол барлық шенеуніктің (ТЖМ бұрынғы министрі, Даниал Ахметов) тергелуін депутаттар бақылауда ұстайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы