Тау бөктеріндегі өртті ауыздықтау барысында ПЧ-7 аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және сауатты маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығымен, әділдігімен және мамандығына деген сүйіспеншілігімен бағаланды, – делінген ТЖД хабарламасында.
Сондай-ақ марқұм болған өрт сөндірушінің отбасына Төтенше жағдайлар министрлігі жан-жақты көмек көрсетіп, қолдау көрсететіні айтылды.