Өрттен зардап шеккендер қоныс тойын тойлады

22 Қазан 2022, 18:57
1301
Бөлісу:
Өрттен зардап шеккендер қоныс тойын тойлады
PHOTO

Бүгін Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған орман өрттің салдарынан бір сәтте баспанасыз қалған 91 үйдің тұрғындары үшін қаунышты сәт.  Оларға Республика күні қарсаңында жаңа үйлердің кілттері табыс етілді деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.

Осынау қуанышқа жиналғандарға күннің жаңбыр мен суық желі де кедергі бола алмады. Олардың барлығы алдын ала қай үйде, қандай көшеде тұратыныны өз еріктері бойынша таңдапты. 

Мұндағы әр үйде жуынатын бөлме, газ қазандығы мен пеші орнатылған. Демеушілердің көмегімен жаңа үйге қоныстанып жатқан әр отбасына тоңазытқыш тарту етілді. Жаңа баспаналарын көрген бұрынғы Аманқарағай ауылы тұрғындарының қуаныштарында шек жоқ. Олар осындай қиын-қыстау кезде қолұшын созған еліміздің әрбір азаматы мен атқарушы билік өкілдеріне алғыстан басқа айтары жоқ.  Солардың бірі - Бейсенбай Рахметов ақсақалдың отбасы. Осыдан бір жарым ай бұрынғы тілсіз жаумен болған күресті әлі де болса қорқынышпен еске алады.

Өрттен зардап шеккендер қоныс тойын тойлады

Өрт үй іргесіне келгенде мен қолымдағы  күнкөріс үшін бағып отырған азын-аулақ малымды аман сақтап қалу үшін тілсіз жаумен күрестім. Бірінші кезекте отбасымды қауіпсіз жерге апардым. Өрттің ортасында жүргенде бейне бір майдан саласындай сезінеді екенсің. Оның жалыны мен екпіні сондай қатты болғандықтан бет қарай алмадым.  Өзім қалың түтін арасында қалдым. Артымнан балаларым іздеп келмегенде адасып кетер едім. Енді міне, тәуба өртенген мүліктің орны толып, жаңа үйге көшіп келіп жатырмыз. Біз қиналған кезде қолұшын созған қазақ еліне алғыстан басқа айтарым жоқ,- дейді Бейсенбай Рахметов ақсақал.

Өрттен зардап шеккендер қоныс тойын тойлады

Бейсенбай ақсақалда өрттен зардап шеккен көршілерімен бірге қолдау мақсатында берілген жәрдемақы алып, өртеніп кеткен құжаттарын түгендеп алыпты. Енді бүгін асыға күткен хансарайдай баспанасының кілтін қолына ұстады. Ауыл тұрғындарының қуанышын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы келіп, жаңа баспананың кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Өрттен зардап шеккендер қоныс тойын тойлады

Рекордтық аз уақытта «Бірлік» атты шағын ауданды салып шыққан құрылыс компанияларына алғыс айтамын. Қостанай жұрты, қала берді тұтас еліміз осындай қиын кезде нағыз біріліктің үлгісін көрсеттті. Сондықтан осы шағын ауданның атауында да ерекше мән бар, - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Өрттен зардап шеккендер қоныс тойын тойлады

Салтанаттты рәсімнен кейін облыс әкімі бастаған билік өкілдері үйді-үйді аралап, құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп шықты.

Осы арада ерекше тоқтала кетер бір жайт, өрттен зардап шеккен тұрғындар үшін 12 сотық жерге салынған әр үйдің ауданы 100 шаршы метр. Төрт бөлмеден тұрады. Әрбір үйге табиғи газ бен  ауыз су тартылғанен. Ғаламтор желісі де бар. Бұл қызметті  тұрғындар бір жыл тегін пайдаланады.

Өзгелердің жаңалығы