Орташа жылдамдықты арттырғандар қалай жазаланады?

26 Шілде 2022, 11:20
3369
Бөлісу:
Орташа жылдамдықты арттырғандар қалай жазаланады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы  Жандос Мұратәлиев ІІМ-нің брифингінде айтты. 

Орташа жылдамдықтың шегі бір жыл талқыланып жатқан жоқ, ол 2018 жылдан бері талқыланып келеді. Әкімшілік кодекске ол бойынша өзгерістер ұсынылып жатқанына 3-4 жыл болды. Басқа заң органдарымен келісу өткізіліп жатыр. Олар да өз ұсыныстарын енгізіп жатыр. Заң өз күшіне енсе, тек қалараралық тасжолдарда  қолдыналыдаы. Қала ішіндегі, көшеаралық  жолдарға қолданылмайды, - деді Мұратәлиев. 

Ол атағандай, фото, бейнекамералар көліктердің А және Б нүктесіне дейінгі жылдамдығын анықтайды. 

Осы арақашықтықта қандай жылдамдықпен жүргенін автоматты түрде анықтайды. Соған байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл заң әлі талқыланып жатыр. Басқа мемлекеттік органдар келісім беріп жатса, қабылдаймыз деп ойлаймын, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы