Елімізде орташа жалақы 166 мыңнан асты

13 Ақпан 2019, 17:32
2031
Бөлісу:
Елімізде орташа жалақы 166 мыңнан асты

Астана, BAQ.KZ. Қаңтар айында Қазақстанда бір жұмысшының орташа атаулы жалақысының көлемі бағалауға сәйкес 166 111 теңгені құрады. Мұндай деректі ҚР ҰЭМ Статистика комитеті жариялады. 

Комитет таратқан ақпаратқа қарағанда, 2018 жылдың желтоқсанында халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысының көлемі бағалауға сәйкес 97 221 теңгені құраған болатын. 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, халықтың атаулы ақшалай табысы 8,6 пайызға, нақты табысы 3,2 пайызға өсті.

Өзгелердің жаңалығы