Орталық референдум комиссиясында жұмыс қалай жүріп жатыр – фоторепортаж

ОРК күні бойы референдум барысы туралы мәліметтерді ұсынады.

 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов Кеше 2026, 11:05
Кеше 2026, 11:05
204
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Қазақстанда Орталық референдум комиссиясында жұмыс қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін, 15 наурызда ел азаматтары жалпыхалықтық дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын қолдау немесе қолдамау жөнінде өз таңдауын білдіруде.

Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу міндеті Референдумның орталық комиссиясы қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктелген.

Сонымен қатар бұл үдерісті жүзеге асыруға референдумның аумақтық және учаскелік комиссияларының функциясын орындайтын тиісті сайлау комиссиялары жауапты.

Қазіргі уақытта ел аумағындағы барлық 10 388 учаскеде дауыс беру жалғасып жатыр.

Сонымен қатар ақпарат құралдарының өкілдері Орталық референдум комиссиясының жұмысын тұрақты бақылап, әр сағат сайын дауыс беру барысы мен учаскелердегі сайлаушылардың келуі туралы жедел мәлімет таратып отыр.

Орталық референдум комиссиясында дауыс беру барысына қатысты мәліметтер жинақтайды.

Комиссия мүшелері өңірлерден келіп жатқан ақпаратты нақтылайды.

БАҚ өкілдері референдум барысы туралы жедел хабар таратуда.

Деректер экран арқылы онлайн режимде бақыланып жатыр.

Жалпыхалықтық дауыс беру күні комиссия жұмысы үздіксіз жалғасып жатыр. Өңірлерден келіп жатқан мәліметтер жүйеленіп, қоғамға жедел түрде ұсынылуда.

Наверх