Бұл туралы ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, республикалық желі бойынша 3,6 мың шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстары жалғасады.
Соның 856 шақырымын аяқтаймыз. Реконструкциялау бойынша жұмыстар 17 жобада жүргізілуде, олардың аясында 2024 жылға дейін іске асыру мерзімімен 3,6 мың шақырым жол қамтылатын болады. «Орталық-Оңтүстік» дәлізін дамыту аясында 946 шақырымды құрайтын «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Құрты-Қапшағай» учаскелерін реконструкциялау жалғасып жатыр, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Сонымен қатар ол Қарағанды облысындағы жол учаскелерінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Қарағанды-Балқаш учаскесі бойынша 281 шақырымда қозғалыс ашылған. Балқаш-Бурылбайтал-Құрты учаскелерінде 262 шақырымда жол қозғалысы іске асырылуда және осы жылы Құрты-Қапшағай учаскесінде жұмыстар жалғасып жатыр. Жалпы, жыл соңына дейін «Орталық – Оңтүстік» дәлізі бойынша қозғалыс ашуды жоспарладық. Бұл жол учаскелері 2024 жылы пайдалануға беріледі, - деді Амангелді Беков.