Орталық мемлекеттік органдар арасында республикалық спартакиада басталды

21 Қыркүйек 2024, 08:20
364
Бөлісу:
Орталық мемлекеттік органдар арасында республикалық спартакиада басталды

Кеше Астана қаласындағы Qazaqstan спорт кешенінде дәстүрге айналған орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, биылғы бәсекеде құрамында 1000-ға жуық мемлекеттік қызметшісі бар 27 команда сынға түседі.

Олар футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, қол күресі сынды спорт түрлерінен өзара күш сынасады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен аталмыш спартакиада 3 жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Биылғы доданың басты ерекшелігі – шахмат пен қол күресі енгізілді.

Жарыс 22 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

Өзгелердің жаңалығы