Орталық Азияның қауіпсіздік мәселелері талқыланды - Әсел Әбен

14 Қыркүйек 2022, 19:43
1307
Бөлісу:
Орталық Азияның қауіпсіздік мәселелері талқыланды - Әсел Әбен

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін маңызды болып табылады. Бұл туралы Президент жанындағы ҚСЗИ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Әсел Әбен айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Сапар әлемдік геосаясатқа тигізетін әсері  сонымен қатар Қазақстан үшін де тиімді болмақ, - дейді Әсел Әбен.

Менің ойымша, соңғы жылдары экономикасы өсу қарқыны баяулап қалған Қытай үшін экономикалық тұрақтылық пен Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы кеңейтілген мүмкіндіктерді пайдаланудың  маңызы зор дейді. 

Қазақстан нарығының өзі соншалықты ауқымды емес, дегенмен, Қазақстан аумағы арқылы басқа нарықтарға шығу мүмкіндіктері өте тартымды. Жалпы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша  статистикалық деректерге сүйенсек,  екі елдің тауар айналымы 18 млрд., Қытайға экспорт көлемі – 10 млрд., ал ҚХР – нан импорт-8 млрдты құраса, тек   2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында екі ал арасындағы арасындағы тауар айналымы 13,5 млрд тенгені құрап отыр.  Бұл ретте Қытайға қазақстандық экспорттың көлемі айтарлықтай өсуде,- дейді ол. 

Айтуынша, бүгінгі сапардың басты мақсаты "Белдеу және жол" бастамасын жаңартуға бағдарланатын болады.

 Бұл ретте инфрақұрылымдық жобаларға ғана емес, цифрлық сауданы, ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған жобаларға баса назар аударылатын болады. Әрине, келіссөздің басым бөлігі Орталық Азия аумағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі болары сөзсіз,- дейді Әсел Әбен.

Өзгелердің жаңалығы