Орталық Азияның қауіпсіздігі: ТМД басшылары елордада не тындырды?

15 Қазан 2022, 17:51
2292
Бөлісу:
Орталық Азияның қауіпсіздігі: ТМД басшылары елордада не тындырды?
PHOTO
Фото: Ақорда

АӨСШК саммитінен кейін елордада іс-шаралардың бірқатар легі өтті. Орталық Азияның Мемлекет басшылары өңірдегі қандай мәселелерді талқылағанын шолып шықсақ,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

14 қазанда елордада ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен «Ресей-Орталық Азия» саммиті өтті. 

ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ТМД-ға төрағалығы аясындағы бастамаларын қолдап, осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқан мемлекет басшыларына алғыс білдірді. 

Бұл отырысқа қатысу үшн Түрікменстан президенті Сардар Бердімұхамедов келді. Бұл Түрікмен басының елімізге жасаған алғашқы ресми сапары. Айтқандай, ТМД мемлекет басшылары кеңесіне де бірінші рет қатысты. 

Президент Достастыққа мүше елдердің басшыларын Қазақстан былтыр серіктестермен және ТМД Атқарушы комитетімен бірге атқарған көпжоспарлы жұмыстың негізгі қорытындылары туралы хабардар етті. 

Орталық Азияның қауіпсіздігі: ТМД басшылары елордада не тындырды?

Тоқаев экономиканың тұрақсыздығы кезеңінде қолда бар әлеуетті жұмылдыруға жұмсау керегін айтты. 

Күрделі экономикалық жағдайда Достастықтың экономикалық әлеуетін нығайтуға және ТМД-ның 2030 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясының ережелерін орындауға ерекше назар аударылды. Іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін табысты жүзеге асыру іскерлік белсенділікті арттыруға, өзара сауда көлемін ұлғайтуға, экономиканы пандемиядан кейін қалпына келтіру ісін жеделдетуге мүмкіндік берді. Жаһандық және өңірлік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында біз тығыз сауда-экономикалық байланыстарды сақтау үшін қолда бар барлық әлеуетті жұмылдыруымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы іс-шара ТМД елдерінің COVID-19 пандемиясынан кейінгі алғашқы толыққанды саммиті екенін атап өтті. 

Шағын құрамда біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмастық, Тәуелсіз мемлекеттер достастығын дамытудың негізгі басымдықтарын айқындадық. Бұл COVID-19-дан кейінгі ТМД-ның офлайн форматтағы алғашқы толыққанды саммиті екенін атап өткім келеді. Жалпы, астанамызда қайта бас қосуымыз қуанышты жайт, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекеттер басшылары бірден ресми құжаттарға қол қою рәсіміне көшуге келісті.

Қажетті құжаттарға қол қойылып жатқанда біз ТМД Атқарушы хатшысы лауазымын ТМД Бас хатшысы лауазымына өзгерту туралы мәселені шағын форматта талқылағанымызды жариялағым келеді. Аталған мәселеге қатысты мен осындай ұсыныс жасадым. Себебі кеше біз АӨСШК Атқарушы хатшысы лауазымын Бас хатшы лауазымына өзгерту туралы шешім қабылдадық. Бұған дейін ШЫҰ-ның Атқарушы хатшысы да Бас хатшы лауазымына өзгертілді. Негізінде, бұл атқарушы орган лауазымының мәртебесін арттыру үшін маңызды, - деді Президент.

Отырыс барысында сондай-ақ Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті  Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомоли Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті  Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Кеңес  отырысы мен қағытпа 

Орталық Азияның қауіпсіздігі: ТМД басшылары елордада не тындырды?

Шағын құрамдағы кездесуде ТМД атқарушы хатшысының лауазымы өзгерді.

Қазір қол қол қою рәсімі өтіп жатқан кезде мен сіздерге ТМД-ның атқарушы хатшысының лауазымының ТМД бас хатшысы деп қайта атау туралы талқылағанымызды айта кетейін.Бұған дейін АӨСШК мен Шанхай ынтамқтастық ұйымы атқарушы хатшыларының лауазымы да өзгертілген.Талқы кезінде  осындай ұсыныс айттым. Өйткені кеше біз АӨСШК атқарушы хатшысының лауазымын бас хатшы лауазымына қайта атау туралы шешім қабылдадық. Бұдан бұрын ШЫҰ атқарушы хатшысының лауазымы да бас хатшы лауазымы болып өзгертілді. Негізі атқарушы орган лауазымының мәртебесін арттыру мәселесі маңызды. Меніңше, оның үстіне Сергей Николаевич Лебедев туралы айтылып отырғандықтан, ол адам ТМД-ның Бас хатшысы сияқты лауазымына әбден лайық. Бас хатшы лауазымының өзі белгілі бір дәрежеде, жалпы ұйымымыздың мәртебесін едәуір арттыратыны анық,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл туралы білмеген Беларусь президенті Александр Лукошенко Тоқаевқа бас хатшыны таныстырмағанын ескертті. 

Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз неге жария етпедіңіз! Біз бас хатшыны таңдап қойдық, ал сіз жарияламадыңыз?, – деді Беларусь Президенті Александр Лукашенко.

Орталық Азияның қауіпсіздігі: ТМД басшылары елордада не тындырды?

Тоқаев әріптесінің бұл сөзіне әзілмен жауап қайтарды.

Александр Григорьевич, енді сіздің төрағаны сынайтын сүйікті ісіңіз бар ма?, – деп әзілдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті бұл мәселені дипломатиялық тілде түсіндіріп, әдемі жауап қайтарды. Бұл сәтті Tiktok желісіне бөлісіп, талқылағандар да көп болды. Ондағы пікірлердің арасында  Қазақстан басшысының көрегендігі мен дипломатиялық қасиетінің басымдығына таңғалу да бар. 

Президент өткізілген саммиттің нәтижелі болғанын айтты.

 Құжаттарға қол қою рәсімі аяқталды. Осылайша, біздің отырысымыз нәтижелі болды деп айтуға толық негіз бар. Сонымен қатар құжаттарды қабылдаудан бөлек делегация басшылары, менің ойымша, ТМД шеңберіндегі көпжоспарлы өзара іс-әрекеттің кең ауқымы және халықаралық күн тәртібі жөнінде өте пайдалы пікірталас өткізді. Осы ретте айтылған маңызды ұсыныстар мен қаралған құжаттар ТМД кеңістігіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Бұл ортақ мақсатымызға сай келеді. Сөз соңында ТМД Атқару комитетінің қызметкерлеріне, біздің сарапшыларға, мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын дайындауға және өткізуге тікелей атсалысқан Достастықтың барлық органына ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар жиында ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко сөз сөйледі.

ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің төрағасы, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының грамотасын мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының төрағасы Радик Батыршинге табыс етті.

Кездесу соңында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары Мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ Достастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар құжат қабылданды.

Қандай құжаттар қабылданды?

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, саммитте қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Орталық Азияның қауіпсіздігі: ТМД басшылары елордада не тындырды?

Мемлекет басшылары 2023-2025 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық бағдарламасын мақұлдаған. 

Сұрақтардың басым блогы мәдени-гуманитарлық салаға арналған. ТМД-да қабылданған «бір жыл – бір тақырып» формуласына байланысты мемлекет басшылары жылдары тақырыбын айқындады.

Олар:

2024 жыл еріктілер қозғалысының жылы;

2025 жыл – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бейбітшілік пен бірлік жылы.

2026 жыл – денсаулық сақтау жылы.

Саммиттің тағы бір құжаты - мемлекет басшыларының климат саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесі болды. Онда климат мәселелсінде ТМД елдерінің бірлескен іс-қимылдары маңызды екені атап айтылды. ҚР Президентінің бастамасы бойынша ТМД-дағы байқаушылар мен серіктестердің мәртебесін белгілеу туралы құжаттарды дайындау жұмысы басталады. Бұл достастықтың жұмысына басқа елдер мен халықаралық ұйымдарды тартуға мүмкіндік береді. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ТМД адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы жаңа ереже қабылданды, - деді министр.

«Орталық Азия-Ресей» саммиті

«Орталық Азия-Ресей» саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақсыздыққа алып келетін тағы бір факторлар туралы айтты. 

Орталық Азияның қауіпсіздігі: ТМД басшылары елордада не тындырды?

Тоқаевтың пікірінше, оған бірден-бір себеп болып отырған дүние - өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі.

 Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс.Қазіргі жағдайда қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарды сақтау аса маңызды.Шағын және орта бизнесті қолдау шараларына, энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды қолға алуға ерекше назар аудару қажет. Бұл ретте сауда кедергілерін жою және протекционистік шараларға жол бермеу маңызды.Бізге өңірішілік сауда-саттықты дамытуға бағытталған күш-жігерді жандандыру қажет. Бұл жерде тауар айналымының құрылымын жақсартуға және оның номенклатурасын кеңейтуге мән берген жөн, - деді Президент маңызды мәселелерді көтеріп. 

Тоқаевтың пікірінше, қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алу жөніндегі өзара іс-әрекеттердің маңыздылығы артып келеді. Цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін. Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді. 

Дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволарымыз бен қоғамдық ұйымдарымыз тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізуге тиіс. Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты.Өкінішке қарай, кейбір елдерде серіктес мемлекеттер басшыларына қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр. Бұл, әрине, біздің ынтымақтастығымызға нұқсан келтіреді, - деді Тоқаев. 

Ұсыныс пен реніш

Орталық Азияның қауіпсіздігі: ТМД басшылары елордада не тындырды?

Саммитте Ресей басшысы Владимир Путин Орталық Азия елдеріне бірлескен энергия жүйесін құруды ұсынды.

Ол атағандай, Ресей Орталық Азияның тұтас болған энергия жүйесін қалпына келтіруге көмек көрсетуге дайын. Бұл аймақтағы бүкіл мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттырары анық.

 Ресей мен Орталық Азия елдері арасында энергетикалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық нығайып келе жатыр. Біздің ел Орталық Азия елдерінің экономикасына жетекші инвестор. Батыс компаниялары мен операторларының қажетсіз қатысуын болдырмайтын қаржылық есеп айырысу тетіктерін қайта құру және қайта реттеу тетігі іске қосылды, - деді Владимир Путин   «Орталық Азия – Ресей» саммитінде.

Путиннің пікірінше, SWIFT-тің орнына қазірдің өзінде жақсы қалыптасқан ресейлік қаржылық хабарлама беру жүйесіне көшуге болады.

Мұнай тасымалдау жолдарын кеңейту, Каспий теңізінде энергия ресурстарының қорын бірлесіп игеру, қолжетімді және таза газ моторлы отынмен қамтамасыз етудің перспективасы зор. Сондай-ақ, құбырларды салу және кеңейту, көмір саудасы мен оны Азия нарығына тасымалдау көлемін ұлғайту да маңызды, - дейді Путин.

Отырыста Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Путинге ренішін айтты. Бұл әлемдік БАҚ-та ең көп жазылған тақырып болды. 

Эмомали Рахмон Тәжікстан елінде орыс тілінің мәртебесі жоғары екенін және тәжік азаматтардың Ресей жеріне жиі баратындығын айтты. Алайда Тәжікістанның тиісті деңгейде құрметке ие еместігін мәлімдеді.

Біз сіздермен бірге Кеңес Одағының ыдырағанының куәсі болдық.Қазіргідей шағын республикаларға, ұсақ халықтарға көңіл бөлмей, салт-дәстүр, әдет-ғұрып ескерілмей, дамуды қолдамайтынына куә болдық.Кеше сіз Тәжікстаннан Ресей Федерациясына келген екі миллион мигрант туралы айттыңыз,  біздің екі миллионнан астам азамат Ресей Федерациясына тек ақша табу үшін ғана емес, олар оқып, емделу үшін де барады, - деді Эмомали Рахмон

Оның айтуынша, Ресей азық-түлік кооперациясын жүргізіп, сауда-саттықты дамытады, бірақ оның орнына тең көзқарас танытпайды.

Неге, Тәжікстандағы бір сәтсіз форумда мен СІМ-ге тапсырма бердім, тіпті сізбен кем дегенде министрлер деңгейінде қатысу туралы сөйлестім. Жоқ, министрлердің орынбасарлары келді. Біздің санымыз 100-200 млн емес. Біз халық саны аз мемлекетпіз. Бірақ бізге сыйластық танытқанды қалаймыз. Біз кедей емеспіз, біз бай мемлекетпіз. Минералды ресурстардың қоры Менделеевтің кестесінен де асып түседі. Ресейді газ бен мұнай ғана қызықтырады. Біз жиналған екенбіз, ендеше жағдай жасайық. Біздің ел қай жерде қандай қателік жіберді? Біз әрдайым өзіміздің стратегиялық әріптесімізді сыйлаймыз. Тиісінше бізді де сыйлағанын қалаймыз, - деді Эмомали Рахмон. 

Тағдыр мен тарих

Орталық Азияның қауіпсіздігі: ТМД басшылары елордада не тындырды?

Саммитте Тоқаев ТМД елдерімі тағдырдың жазуымен бірге екенін айтты.  

Біз ортақ тарихымызды қорғап, халықтарымыздың игілігі үшін ортақ болашақ құруымыз керек.  Біздің әрбір мемлекетіміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздік аймақтың дамуына тікелей әсер етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ТМД-ның қауіпсіздік мәселелерін қалай алдын алып отырғанын атап өтті.

Мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың түбегейлі мүдделеріне сүйене отырып, жаңа қауіптердің алдын алу және оларға дер кезінде ден қоюдың тиімді құралдарын әзірлеу қажеттілігіне назарларыңызды аударғым келеді.  Бүгінде біз екіжақты форматта да, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК және ТМД шеңберінде де қауіпсіздік мәселелерін алдын алып отырмыз, -деді Мемлекет басшысы.

Осылайша, елордада үш тарихи саммит өтті. Онда айтылған бастама мен мәселелердің жүзеге асуы уақыттың еншісінде.  

Өзгелердің жаңалығы