Келіссөз барысында мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы ретте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті алтыншы Консультативтік кездесуіне дайындық барысы, сондай-ақ С5+ форматындағы ықпалдастық перспективалары талқыланды.
Екі ел басшылары өңірдегі өзара ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстан мен Өзбекстанның теміржол әкімшіліктері арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы бастамаға қолдау білдірді. Бұл бірлескен кәсіпорынды құрудағы мақсат – Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағытындағы жүк тасымалын ұйымдастыру үшін қазақ-қытай шекарасындағы және Өзбекстандағы жүк терминалдарын өзара тиімді негізде пайдалану.
Аталған жоба екіжақты сауданы жандандырып, тауар тасымалының көлемін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ оңтүстік бағыттағы жүк тасымалын ұлғайтуға қолайлы жағдай туғызады.
Бірлескен кәсіпорын Трансауған бағытын дамытуға жұмылдырылады.