Бейжіңде Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің Орталық Азияға (Қазақстан, Өзбекстан) жасаған мемлекеттік сапарының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚХР басшысы 14 қыркүйекте пандемиядан кейінгі алғашқы сапарын Қазақстаннан бастаған болатын.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Орталық Азия департаменті директорының орынбасары Лю Цзянпиннің айтуынша, Си Цзиньпиннің сапары Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына және Өзбекстанмен стратегиялық серіктестіктің орнағанына 30 жыл толуына сәйкес келіп отыр.
30 жыл - бұл тағы бір маңызды кезең. Осы уақыт ішінде біз (Қытай және Орталық Азия - ред.) бірқатар тарихи және ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Көптеген көрсеткіш бойынша рекорд орнаттық. Сондай-ақ Қытайдың стратегиялық әріптестерінің кластері алғаш рет дәл Орталық Азияда қалыптасты. Орталық Азияның 5 елі адамзат тағдыры ортақ қоғамдастығында «Бір белдеу» құрылысына алғашқылардың бірі болып қосылды, - деді СІМ өкілі.
Лю Цзянпин ханым атап өткендей, Қытай - Орталық Азия елдерінің ең ірі сауда серіктесі.
Елдер арасындағы тауар айналымы жүз еседен астам өсті. Орталық Азиядағы ең ұзын тоннель пайдалануға берілді. Ол ұзындығы 10 мың шақырымды құрайтын Қытай мен Орталық Азияның газ құбыры. Қытай-Қазақстан мұнай құбыры Қытайдың құрлықтағы алғашқы трансұлттық мұнай құбыры болып саналады. Бірінші жартыжылдықта Қытай-Еуропа бағытында Қазақстан арқылы транзитпен барлығы 6 195 жүк пойызы болғанын Президент Тоқаев та ерекше атап өткен болатын. Сондықтан Си Цзиньпиннің сапары Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастың жаңа дәуірін ашатын мәнге ие, - деп түсіндірді ол баспасөз конференциясында.