Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек - Қытай басшысы

19 Мамыр 2023, 11:12
934
Бөлісу:
Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек - Қытай басшысы
Фото: Ақорда

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сианьдағы халықаралық конференция орталығында «Қытай мен Орталық Азия» саммитіне қатысушыларды гүлденген Орталық Азия құруға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қытай басшысы саммитте баяндама жасады.

Си жаһандық өзгерістер біздің көз алдымызда қарқын алып жатқанын атап өтті.

Әлем, дәуір, тарихи жағдайлар бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырап жатыр. Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан Орталық Азия оның солтүстігі мен оңтүстігін, шығысы мен батысын байланыстырады. Әлем тұрақты Орталық Азияға мұқтаж. Орталық Азия елдерінің егемендігі, қауіпсіздігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы қамтамасыз етілуі керек. Олардың халықтары дербес таңдаған даму жолдары құрметтеліп, олардың бейбітшілік, тату көршілік пен тыныштық жолындағы күш-жігерін қолдау қажет. Әлемге гүлденген Орталық Азия керек, - деді ҚХР Төрағасы саммитте.

Си Цзиньпин атап өткендей, қарқынды дамып келе жатқан Орталық Азия аймақ халықтарының жақсы өмірге деген ұмтылысын қанағаттандырып қана қоймай, әлемдік экономиканы қалпына келтіруге қуатты серпін береді.

Әлемге үйлесімді Орталық Азия керек. «Жақсы бауырластық байлықтан қымбат». Орталық Азиядағы ұлтаралық қақтығыстар, діни қайшылықтар мен мәдениетаралық айырмашылықтар шешілмейтін проблемалардан алыс. Халықтар ынтымақты, инклюзивтілік пен келісімді нығайтуға ұмтылып жатыр. Ешкімнің аймақта алауыздық тудыруға, тіпті текетірес тудыруға, тіпті өзімшіл саяси мүдделерді талап етуге құқығы жоқ.
Әлемге өзара байланысты Орталық Азия керек. Бірегей географиялық жағдайға ие бола отырып, Орталық Азияда жаһандық саудаға, өркениетаралық алмасуға және бүкіл әлемнің ғылыми-техникалық дамуына өзіндік үлесін қосатын, Еуразия құрлығындағы маңызды көлік торабы ретінде орнығу үшін барлық алғышарттар, жағдайлар мен мүмкіндіктер бар, - деп айтты Қытай басшысы.

Саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысқанын еске сала кетейік.

Бұған дейін Қытай мен Орталық Азия елдерінің басшылары Сиань декларациясын қабылдағаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы