«Орталық архивті жабуға кімнің қолы барады?» - Министр мәселе көтерді

16 Ақпан 2022, 14:12
1365
Бөлісу:
«Орталық архивті жабуға кімнің қолы барады?» - Министр мәселе көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрлігінің алқалы отырысында хабарлады. 

Оның айтуынша, республика бойынша 229 мемлекеттік архив жұмыс істейді. Осы ретте арнаулы типтегі мемлекеттік архивтер ғимаратына деген сұраныс өте жоғары.

Ондай архивтердің үлесі бүгінде 14,7%. Сараптама жұмыстары республика бойынша 128 нысан салу қажет екенін көрсетіп отыр. Осы ретте «бәрін электронды форматқа ауыстырсақ, архив ғимаратын салып, оны күтіп-баптаудың не қажеті бар?» деген сауал жиі қойылады. Ондайда мен «Орталық архивті немесе Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығын жабуға кімнің қолы барады?» деп сұраймын. Себебі мұнда Ахмет Яссауи, Әлішер Науаи, Мұхамед Челеби, Шамсуддин Сарахси еңбектерінің және еліміздің алғашқы Конституциясының түпнұсқасы сақтаулы, - деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар министр салаға жетекшілік ететін вице-министрге жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, архив сақтау алаңын ұлғайту мәселесін пысықтауды тапсырды. 

Оған қоса «Е-Архив» жүйесінің негізгі сервері істен шыққан жағдайда жүйені резервтік серверлермен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алу керек. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ұлттық және өңірлік архивтермен өзара іс-әрекетіне байланысты проблема бар.  Кадр жетіспеуінің басты себебі – айлығы аз болғандықтан мұрағатшы мамандығының жастар үшін тартымды болмауы, - деді Дәурен Абаев. 

Министрдің сөзінше, алдағы уақытта архив қызметкерлері жалақысын көтеріліп, өңірлік екі университеттен грант негізінде «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттаманы қамтамасыз ету» мамандығын ашылады. 

Өзгелердің жаңалығы