Орталық Азия елдеріндегі цифрлық теңсіздік мәселесі талқыланды

2 Желтоқсан 2020, 15:02
2374
Бөлісу:
Орталық Азия елдеріндегі цифрлық теңсіздік мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «COVID-19 және Орталық Азиядағы цифрлық теңсіздік» тақырыбында онлайн брифингте Орталық Азия елдерінде цифрлық теңсіздік қалай байқалады, оның себептері неде және оны еңсеру үшін не істеу қажет екені талқыланды.

Орталық Азия халқының жартысына жуығы цифрлық байланыс арналарына қол жеткізе алмайды, соның салдарынан адамдар жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін пайдалана алмайды, білімін толық ала алмайды және медициналық қызметтерден де айырылады, - деді бүгін Дүниежүзілік банк өкілі онлайн брифинг барысында.

COVID-19-ға қарсы жаһандық күрес жағдайында цифрлық технологияларға қол жеткізу тиімді шешіміне айналды, соның арқасында мемлекеттік органдар, азаматтар мен компаниялар қашықтан жұмыс істеп, қашықтан оқыту мен телемедицина қызметтеріне қол жеткізе алады. 

Пандемияға байланысты дағдарыс цифрлық байланыс арналарына қол жеткізе алатындар мен одан айырылғандар арасындағы «цифрлық алшақтықтың» маңыздылығын атап өтті. Сандық алшақтық әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді және аймақтағы экономикалық өсуді тежейді, - деп айтты Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчук. 

Оның айтуынша, соңғы зерттеулер көрсеткендей, сенімді байланыс инфрақұрылымы бар елдер пандемиядан туындаған экономика үшін жағымсыз салдардың жартысын өтеуге қабілетті. Цифрлық технологияларды дамытуда артта қалған және 2020 жылға қарай тиімді цифрлық инфрақұрылым құра алмаған, Мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта ұсынуды қамтамасыз ете алмаған, халықтың цифрлық дағдыларын қалыптастырып, экономикаға цифрлық технологияларды енгізе алмаған елдер COVID-19 пандемиясынан қатты зардап шекті.

Орталық Азияда жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік әлі де шектеулі. Telegeography деректеріне сәйкес, өңірдегі стационарлық байланыс желілері арқылы үй шаруашылықтарын кең жолақты интернетпен қамту көрсеткіштері Тәжікстанда 3,1%-дан Қазақстанда 35%-ға дейін төмендеп отыр. Бұл ретте стационарлық және мобильді байланыс желілерінде Орталық Азияның барлық елі үшін Интернетке кең жолақты қатынау жылдамдығы орташа әлемдік деңгейден айтарлықтай төмен. Аймақтағы халықаралық желілерге шектеулер кеңжолақты технологияны енгізудің кешігуіне және интернетті, әсіресе ауылдық жерлерде қолданудың төмендеуіне себеп болды, - дейді ол.

Телекоммуникация саласындағы реформалар Орталық Азия, оның тұрғындары мен экономикалары үшін үлкен мүмкіндіктер ашуы мүмкін. 

Кең жолақты интернетке қолжетімділікті 10%-ға кеңейту экономикалық өсу қарқынына кемінде 1%-ды қосуы мүмкін, ал интернетке енудің 1%-ға ұлғаюы экспорт көлемінің 4,3%-ға өсуіне алып келеді, − деп атап өтті Дүниежүзілік банктің цифрлық даму жөніндегі аға маманы Михаил Бунчук.

Онлайн брифинг кезінде Дүниежүзілік банктің цифрлық даму саласындағы мамандары қолжетімділікті жақсарту, қаржылық қолжетімділік пен қауіпсіздікті арттыру, сондай-ақ бәсекелестікті арттыру, жеке инвестицияларды тарту және секторды басқару тетіктерін жаңғырту бойынша бірқатар ұсыныс берді. 

Дүниежүзілік банк сарапшылары Орталық Азия елдері реттеу органдарын нығайтуға, сақталып отырған Монополиялық құқықтарды жоюға және жұмыс істеп тұрған құрылымдары бар нарықтағы үстем жағдайды шектеуге назар аударғаны жөн екенін атап көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы