Өрт сөндірушінің жауынгерлік киім стандартына өзгерістер бекітілді

24 Қыркүйек 2024, 19:54
343
Бөлісу:
Өрт сөндірушінің жауынгерлік киім стандартына өзгерістер бекітілді
Фото: Техникалық реттеу және метрология комитеті

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін өртті сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты төтенше жағдайларды жою кезінде жоғары температура мен агрессивті заттардың әсерінен жеке қорғаудың қолданылатын құралдарын жетілдіру мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті «Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері» ҚР СТ 1495-2006 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасады.

Өзгерістер жобасында:

- зиянды заттар мен газдардың енуіне жол бермеу мақсатында қорғаныш төсемдер, амортизациялаушы ішпектер және білек пен жіліншік бөлігінде реттелетін созылатын бекітпелер есебінен өрт сөндірушінің жауынгерлік киімінің қорғаныш қасиеттерін арттыру;

- өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қойылған міндеттерді орындау тиімділігі үшін өрт сөндірушінің жеке жабдықтарын, байланыс және жарықтандыру құралдарын жауынгерлік киімге бекіту үшін қосымша ілмектер көзделеді (қызметкердің көпфункционалдылығы артады).

Өзгелердің жаңалығы