Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден бір әйелді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Атырау қаласында Атамұра шағын ауданында жеке тұрғын үйде 8 шаршы метр алаңда жеке заттардың жануы орын алды. Өрт сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар 1968 жылы туған әйелді құтқарып, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. ТЖМ күштері өртті толығымен сөндірді, - делінген ведомство хабарламасында.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.