Өрт сөндірушілер Павлодар облысында жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды

26 Ақпан 2024, 04:26
365
Бөлісу:
Өрт сөндірушілер Павлодар облысында жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды
Фото: baq.kz

25 ақпанда сағат 20.21-де Павлодар қаласында Орджоникидзе көшесінде үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шақыру орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері дереу барды. Оқиға орнына келген бойда жеке тұрғын үйде 10 шаршы метр аумақта өрт шыққаны белгілі болды. Үй заттары мен шатыр жанып жатты, - деп жазды ТЖД баспасөз қызметі.

3-ӨСБ қарауыл бастығы Қайрат Бексеитов пен бөлімше командирі Бақтияр Нұрмағамбетов жанып жатқан үйден 1961 жылы туған ер адамды алып шығып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Ал өрт сөндіруші Қайыргелді Қарыбаев үйден газ баллонын эвакуациялады.

Өрт сағат 21:01-де оқшауланып, сағат 21:26-да сөндірілді.

Өрттің себебі мен келтірілген шығын анықталуда. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмыс істеді, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы