Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
6 шілдеде сағат 18.56-да Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» МОТР» ММ (Галкин орманшылығы, №66, 67 орамдар) аумағында шамамен 10 га алаңда құрғақ шөп пен орман (қарағай, жас талдар) жанды, - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен ТЖ департаментінен 31 адам мен 12 бірлік техникасы жұмылдырылған.
Өрттің шығу себебі анықталды.
Айта кетейік, 6 шілде күні сағат 10.05-те Шарбақты ауданындағы «Ертіс-Орманы» орманшылығында (Шалдай орманшылығы, №107 орам) ауданы шамамен 1,4 гектар құрғақ шөп жанған еді.