Өрт сөндірушілер алты адамды өрттен аман алып қалды

20 Қыркүйек 2024, 03:26
392
Бөлісу:
Өрт сөндірушілер алты адамды өрттен аман алып қалды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Екібастұз қаласында өрт сөндірушілер алты адамды өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлерінің бірінің 1-қабатта орналасқан пәтердің 25 шаршы метр алаңында өрт болған.

ТЖД күшімен баспалдақ арқылы құтқару қалпақтарының көмегімен көміртегі тотығымен уланудан 2 адам құтқарылды. Өрт сөндірушілер кіреберісте қатты түтін болғандықтан өрт сөндіру сатысын пайдаланып 4 адамды эвакуациялады, оның 3-і балалар, - делінген ведомство ақпаратында.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы