Өрт сөндіру кезінде қаза тапқан Хайрат Хали «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

31 Қазан 2024, 12:51
495
Бөлісу:
Өрт сөндіру кезінде қаза тапқан  Хайрат Хали «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Фото: BAQ.KZ - архив

Президенттің жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен өртті сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Қарағанды облысы ТЖД №24 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші–құтқарушысы Хайрат Хали марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаза тапқан өрт сөндірушінің әкесіне марапатты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыстады. Мемлекеттік наградаға өрт сөндіруші-құтқарушының әріптестері мен туыстары қатысты.

ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың ұсынысы бойынша қайсарлығы, батырлығы және жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградамен марапатталған Хали Қайраттың ерекше еңбегін атап өткен жөн.

Елбасының біздің батырымызды марапаттағаны үшін алғыс айтамыз. Хали Хайрат өзінің он жылдық қызметінде мамандыққа деген адалдығын көрсетіп, ерлігімен ерекшеленіп қаншама адам өмірін құтқарды. Ол біздің жадымызда мәңгі қалады, - деді Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде 33 жастағы өрт сөндіруші-құтқарушы Хайрат Хали қаза тапқан еді. Хайрат Хали - Саран қаласының 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі болып қызмет еткен. Салада 10 жылға жуық еңбек еткен. BAQ.KZ тілшісі Қарақаралы өңіріне барып, марқұмның туған бауыры Еламан Халимен сұхбаттасқан еді.   

Өзгелердің жаңалығы