Өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына пәтер кілттері табысталды

15 Маусым 2023, 15:37
711
Бөлісу:
Өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына пәтер кілттері табысталды
Фото: Абай облысы әкімдігі

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында орман өрттері салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әр отбасы 7 млн теңге, сондай-ақ, қосымша әр балаға 2 млн теңге төленеді. Көмекке асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ жайластырылған тұрғын үй беру кіреді. Сонымен қатар, қайтыс болғандар мен олардың отбасыларының несие жүктемесіне ықтимал есептен шығару үшін талдау жасалады.

Бүгін өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына, сондай-ақ тракторшы С. Н. Архиповтың отбасына Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырды.

Өртте зардап шеккендердің отбасыларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда. Бүгін біз тапсыратын жаңа пәтерлер барлық қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Біз қосымша көмек көрсетуді жалғастырамыз, - деп атап өтті Ұранхаев.

Қаза тапқандардың туыстары мемлекет тарапынан көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы