Өрт: Бесқарағай ауданында төтенше жағдай жарияланды

15 Шілде 2023, 22:15
832
Бөлісу:
Өрт: Бесқарағай ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватынан шыққан өртке байланысты Бесқарағай ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысы Бесқарағай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді төтенше жағдайды жою бойынша басшысы етіп тағайындаймын. Осы шешім 2023 жылғы 14 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады, - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратовтың шешімінде.

Құжат бүгіннен бастап заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін «Семей орманы»-нда тағы да өрт шыққанын хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы