Ормуз бұғазындағы жағдай шиеленісіп тұр

Бұғаздағы жағдайдың шиеленісуі әлемдік мұнай нарығына және халықаралық теңіз тасымалына елеулі әсер етуі мүмкін.

 ВВС Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
141
Фото: ВВС

Ормуз бұғазы маңындағы жағдай күрделене түсті. Әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20 пайызы өтетін стратегиялық маңызды теңіз жолындағы ахуал халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Дональд Трамп Ормуз бұғазын «қалай болғанда да ашамын» деп мәлімдеп, Қытай, Франция және Ұлыбритания сияқты елдерді осы аймаққа әскери кемелер жіберуге шақырды.

Хабарларға қарағанда, Иран бұғаздағы кеме қозғалысын шектеген. Бұл жағдай жаһандық жеткізу тізбегіне және энергия ресурстарының бағасына айтарлықтай қысым түсіріп отыр.

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи бұл бағыт қарсылас елдердің танкерлері мен кемелері үшін ғана жабық екенін айтты. Сонымен қатар, ол Тегеран теңіз арқылы қауіпсіз өту мәселесін талқылауға дайын екенін жеткізді.

Бұғаз арқылы өтуге тырысқан бірнеше кемеге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат бар. Сондай-ақ Иран кеме қатынасына кедергі келтіру үшін бұл аймақта теңіз миналарын орнатуы мүмкін деген қауіп те айтылуда.

Оқиғалардың бірі ретінде Mayuree Naree кемесі аталды. Таиланд туының астында жүзетін бұл кеме сәрсенбі күні таңертең Ормуз бұғазы арқылы өту кезінде шабуылға ұшыраған. Кеме иесі бұл ақпаратты BBC-дің Verify қызметіне берген сұхбатында растады.

Сарапшылардың айтуынша, бұғаздағы жағдайдың шиеленісуі әлемдік мұнай нарығына және халықаралық теңіз тасымалына елеулі әсер етуі мүмкін.

Наверх