Ормуз бұғазында жүк кемесіне шабуыл жасалды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Экипаж мүшелері кемеден эвакуацияланған. Оқиға салдарынан қоршаған ортаның ластанғаны туралы ақпарат түскен жоқ.

 Anadolu Ajansı 24 Қыркүйек 2026, 04:27
24 Қыркүйек 2026, 04:27
75
Фото: Anadolu Ajansı

Ормуз бұғазында жүк кемесіне шабуыл жасалып, экипаждың екі мүшесі қаза тапқан немесе жараланған. Бұл туралы қауіпсіздік қызметтерінің мәліметтеріне сүйенген Ұлыбританияның Теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.

Бұл туралы Anadolu Ajansı ақпарат таратты.

UKMTO мәліметінше, Ормуз бұғазындағы жүк кемесіне шығу тегі әзірге белгісіз оқ-дәрімен соққы жасалған. Шабуылдан кейін кемеде өрт шығып, ол басқару мүмкіндігінен айырылып, дрейфке кеткен.

Экипаж мүшелері кемеден эвакуацияланған. Оқиға салдарынан қоршаған ортаның ластанғаны туралы ақпарат түскен жоқ.

UKMTO аймақтағы кемелерге сақтық шараларын күшейтіп, күдікті әрекеттер туралы тиісті органдарға хабарлауды ұсынды.

Қазіргі уақытта шабуылға жауапкершілікті ешбір тарап өз мойнына алған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Иран АҚШ әскери қысымды бәсеңдетіп, Иран порттарының блокадасын алып тастаған жағдайда, Ормуз бұғазын жеті күн ішінде ашуға дайын екені хабарлаған болатын.

Наверх