Ормуз бұғазы жабық: Иран АҚШ пен Израильге қатысты кемелерге ескерту жасады

КСИР мәліметінше, «израильдік-америкалық альянсқа» және олардың одақтастарына тиесілі порттарға бет алған немесе солардан шыққан барлық кемелерге Ормуз бұғазы арқылы өтуге тыйым салынған.

 Shutterstock Бүгiн 2026, 12:11
Бүгiн 2026, 12:11
258
Фото: Shutterstock

АҚШ, Израиль және олардың одақтастарына қатысты кемелер Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекет жасаған жағдайда соққыға ұшырайды. Бұл туралы Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

КСИР таратқан мәліметке  сәйкес, «израиль-америкалық альянсқа» және олардың серіктестеріне тиесілі порттарға бағыт алған немесе солардан шыққан кемелердің барлығына, бағытына қарамастан, Ормуз бұғазы арқылы өтуге тыйым салынады.

Бүгін таңертең АҚШ-тың жемқор президенті (Дональд Трамп) Ормуз бұғазы ашық деген жалған мәлімдеме жасағаннан кейін, әртүрлі елдерге тиесілі үш контейнерлік кеме рұқсат етілген кемелерге арналған дәлізге кіруге әрекет жасады. Алайда КСИР-дің әскери-теңіз күштерінің ескертуінен кейін олар кері бұрылды, – делінген хабарламада.

КСИР бұғаз АҚШ, Израиль және олардың одақтастарына қатысты кемелер үшін жабық екенін тағы да атап өтіп, талап бұзылған жағдайда «қатаң жауап» берілетінін ескертті.

АҚШ пен Израильдің бірлескен шабуылдарына жауап ретінде Иранның қарсы соққылары жалғасып жатқан жағдайда, КСИР бұған дейін де осы елдермен және олардың одақтастарымен байланысты кемелер үшін Ормуз бұғазын жабатынын жариялаған болатын. Иранның әскери-теңіз күштері бұғаздан өтуге тырысқан бірқатар кемелерге зымырандар мен соққы беретін дрондарды қолдана отырып соққы жасаған.

Наверх