Өркениетке қол жеткізу мүмкін емес: Ауыл тұрғындары су құнына шағымданды

7 Тамыз 2022, 10:17
1357
Бөлісу:
Өркениетке қол жеткізу мүмкін емес: Ауыл тұрғындары су құнына шағымданды

Оралдан 58 шақырым жерде орналасқан Бәйтерек ауылының тұрғындары судың жоғары тарифтеріне шағымданды. Бұл ретте ауылда техникалық су беру қарастырылмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бастапқыда ауылда үйлерде су болмады, тек екі су мұнарасы бар, құбырлар ескі, су екі құдық арқылы берілді. Барлығы суды бидонмен, жазда арбамен, ал қыста шанамен үйге апарды.  Өткен жылы ауылға жол салынып, ауылда тұрғындардың 80% - ы су өткізіп алды. Сол кездегі қатты қуандық. Бірақ жаңа тариф бойынша қанша төлейтінімізді білгенде, қуанышымыз су сепкендей басылды. Кейбір отбасылар суға 30-40 мың теңге төледі, - дейді ауыл тұрғыны Наталья Монаршенко.

«Мой город» порталының мәліметінше,  су тасымалдаушы «Коммуналшы» су төлемін 90 теңгеден 590 теңгеге дейін көтерді.

Ауыл тұрғыны мұндай жағдайда адамдардың қайтадан құдықтан су тасуға кқшетінін айтты.

Бәйтерек аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрғали Жолдасқалиев мұның бәрі сараланған тарифке қатысты екенін түсіндіреді.

Тариф бойынша отбасының әрбір мүшесіне айына төрт текше метр су тұтыну есептелген, бұл үшін ауыл тұрғындары 90 теңгеден төлейтін болады. Басқаша айтқанда, төрт адамнан тұратын отбасы үшін айына 16 текше метр су есептелген. Осы нормадан тыс суды тұтыну құны 548 теңге тариф бойынша есептеледі. Бұл суды үнемдеу үшін арнайы енгізілген сараланған тариф, - деп түсіндірді Нұрғали Жолдасқалиев.

Оның айтуынша, адамдар бақша суарады, сондықтан желілерде қысым төмендейді, кей тұрғындарға мүлде су жетпей қалады. Шенеуніктің айтуынша, әкімдер бұл мәселені халықпен өткен жиналыста бірнеше рет түсіндірген.

Алайда тұрғындар ауылдық жерде суды үнемдеу мүмкін емес деп санайды, өйткені бақша өсіріп, мал ұстайды. Ал ауылда техникалық су беру қарастырылмаған.

Өзгелердің жаңалығы