Қазақстандық ғалымға Жапон императорының ордені табысталды

18 Желтоқсан 2019, 19:34
3241
Бөлісу:
Қазақстандық ғалымға Жапон императорының ордені табысталды
PHOTO
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жәкен Таймағамбетов -  Қазақстан азаматтарының ішінде Жапон императорының орденін алған жетінші тұлға. 

Осы жылдың 3 қарашасында жарияланған Жапон императоры Нарихутоның "Күншығыс. Алтын шуақ" орденімен марапатталған шетелдік азаматтар тізімінің ішінде еліміздің танымал археологтарының бірі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ҚР Ұлттық музейінің жетекші ғылыми қызметкері Жәкен Қожахметұлы Таймағамбетов бар. 

WhatsApp Image 2019-12-18 at 18.35.13.jpeg

Бүгін аталған марапатты қазақстандық ғалымға  Қазақстандағы Жапонияның төтенше және өкілетті елшісі  Тацухико Касаи табыстады.

Жәкен Қожахметұлы - әлемдік  деңгейдегі археолог. Ол Қазақстан мен басқа да елдердің түрлі ғылыми институтында көп жұмыс атқарды. Сонымен қатар, Нара ұлттық құндылықтар  ды ғылыми-зерттеу институтымен меморандумдарға қол қоюға көп үлес қосты. 2017 жылдан бастап қазақ-жапон экспедициясын басқарды және Қазақстанның оңтүстігінде археологиялық жұмыстар жүргізді және әлемдік қауымдастықта айрықша орын алды. Осылайша, Жәкен Қожахметұлы археология ғылымына қосқан үлесі үшін арнайы орденмен марапаттап отыр, - деді Тацухико Касаи.

Елші өзінің әдетте еске алатын аңызы туралы айтып берді. 

WhatsApp Image 2019-12-18 at 19.30.37.jpeg

Бұрын маған қазақтар мен жапониялықтар бір жерден шыққанын айтып берді. Етті жақсы көретіндер - қазақ, балықты жақсы көретіндер - жапон болып кетті дегенді естідім, - деді елші.

WhatsApp Image 2019-12-18 at 19.28.10.jpeg

Археолог ғалым жапон мәдениетіне бала күнінен қызыққанын айтты.

Қазақстандық жай археологты марапаттауы үлкен мәртебе. Бұл екі елдің археологтарына берген марапат деп білемін. Мен жапониялықтар туралы мектеп кезімнен қызықтым. Ол кезде Жапония біз үшін өте алыста тұрған сырға толы ел болатын. Мен жапониялық ғалымдармен таныстығым екі ел арасындағы археологиялық зерттеуге қол қоюға дейін жетті, - деді Жәкен Таймағамбетов.

WhatsApp Image 2019-12-18 at 18.35.12.jpeg

Бұған дейін Қазақстаннан 6 тұлғаға аталған орден берілді. Олардың қатарында Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі де бар. Ол Қазақстанда жапон тілін насихаттауға және Жапония мен Қазақстан арасында өзара  ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқаны үшін марапатталды. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде тарих факультетінің профессоры, ҚР Ұлттық музейі директорының бұрынғы орынбасары Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы Қазақстан мен Жапония арасындағы ғылыми қатынасты тереңдеткені және өзара түсіністікке үлес қосқаны үшін "Алтын шуақ мойын лентасы, Күншығыс орденімен" марапатталған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы