Қордайдағы төбелес: Қираған үйлер қалпына келтірілуде

16 Мамыр 2020, 16:15
2281
Бөлісу:
Қордайдағы төбелес: Қираған үйлер қалпына келтірілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Қордай ауданына жасаған жұмыс сапарының екінші күні ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға  бағытталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Егер бұған дейін Қордай ауданының бюджеті шамамен 28 миллиард теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге дейін артқан. Осы орайда мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыруға қосымша 20 млрд. теңге бағытталса, тағы төрт миллиард теңгені 7 елді мекенді газдандыруға жұмсау жоспарлануда.

Бүгінде ақпан айында ауданда орын алған оқиғалар кезінде бұзылған тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде жұмысын бастаған мердігер ұйымдар баршылық. Алайда, кәсіпкерлер Хусейн Сүлеймен, Абдурашид Багиев және Исмар Лутур сияқты кейбір тұрғындар үйлер мен дүкендерді өз бетімен қалпына келтіруді ұйғарған. Осылайша, олар мемлекеттен қарастырылған қаражатты басқа мақсаттарға жұмсау үшін шығындарды оңтайландыруға ықпал етуде.

Облыс әкімімен әңгіме барысында олар көрсетілген көмек пен қолдаулар үшін ел Президенті мен жергілікті билікке алғыстарын білдірді. Мемлекеттік қолдаумен қатар, жергілікті кәсіпкерлер де көмек қолын созуға дайын, қайырымдылық қоры да жұмыс істеуде.

Масаншының дәл ортасындағы жаңа мектеп құрылысы өтпелі нысан болып табылады десек, биыл ол бойынша 550 миллион теңге игерілмек. Осында өткен жергілікті тұрғындармен кездесуде ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Дыдар Двумаров сөз алды.

Біз бұған дейін ауылда мұндай ауқымды жұмыс атқарылғанын көрген емеспіз. Ауыл көз алдымызда өзгеріп келеді. 41 көше жөнделуде, жаңа мектеп, спорт алаңы салынуда. Бұл біз үшін тамаша тарту. Қазіргі таңда Шу ауданында 300-ден астам отбасымыз жеміс-жидек пен көкөніс егумен айналысуда. Осындай қамқорлығы үшін мемлекетке айтап алғысымыз мол, - деді ардагер қуанышын жасыра алмай.

Өз кезегінде аймақ басшысы дүнген диаспорасына су тасқыны салдарынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына қол ұшын созып, көрсеткен игі істері үшін алғысын жеткізді. Жыл соңына дейін Масаншы мен көршілес алты елді мекенге газ тартылмақ. Басқа мәселелер де кезең-кезеңімен шешілетін болады. Ең бастысы, Қордай жерінде бейбітшілік пен тыныштық орнауы керек.

Сондай-ақ, ауылда шағын-футбол алаңшасы, көше тренажерлары мен балалар алаңынан тұратын көпфункционалды спорт алаңы салынуда. Маусымның алғашқы күндерінен бастап мұнда жергілікті балалар мен ересектер жаттығуға мүмкіндік алмақ. Бердібек Сапарбаев нысанды пайдалануға бергеннен кейін спорт алаңың жақын орналасқан мектептің балансына тапсыруды ұсынды.

Масаншы ауылдық округіне Күнбатыс-1 және Күнбатыс-2 шағын ауылдары да кіреді.  Күнбатыс-1е елді мекенінде бар-жоғы 200-ден астам адам тұрады. Өңір басшысы ондағы құны 26 миллион теңгені құрайтын медицуиналық пунктің құрылысымен танысты.

Ал, Күнбатыс-2 ауылында 150 орындық мектеп салынуда. Жұмысшылардың 70 пайыздан астамы жергілікті тұрғындардан құралған. Олар құны 662,8 млн теңге болатын үш қабатты нысанды 25 тамызға дейін аяқтауға уәде берді. Аймақ басшысы оқу орны директорына жұмыс тобының мүшелерімен қатар құрылыстың сапасына күнделікті бақылау жүргізуді тапсырды.

"Greenwill" ЖШС жылыжай шаруашылығы алғашқы өнімнен 500 тонна қияр жинаған. Енді төрт гектар аумақтың жартысына қызанақпен қатар құлпынай егуді жоспарлап отыр. Шаруашылықта 80 адам жұмыс істейді, өнімдерді негізінен Алматы, Қордай және Шу аудандарына өтк көзделуде.

Қаракемер ауылында да оң өзгерістер көп. Ауылды дамытуға шамамен 1,6 миллиард теңге бөлінбек. Спорт алаңы мен дәрігерлік амбулатория салынып, жоба құны 880 миллион теңге болатын ауыз су тарту жобасы жүзеге асырылуда . 11 көшеге асфальт төсеп, алты көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Қонаев көшесінің бойында Кезекке тұрғандарға арналып Қонаев көшесінен екіпәтерлі 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Аудандағы Ауқатты ауылдық округінде 19 көшенің және №9 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Мектеп ауласына толығымен өрнектастар төселіп, кәріздер жүргізіліп, жылы санитарлық жабдықталуда. Бердібек Сапарбаев мердігерге мекеменің өзіндік қасбетін қалыптастыруды тапсырды, ол үшін білікті дизайнерлер мен сәулетшілерді тарту қажет.

Булар батыр ауылында облыс әкімі жергілікті тұрғындардың жайқалған сарымсақ алқабына айрықша назар аударды. Фермерлердің айтуынша, сарымсақ күзде егілген. Оған іргелес отырғызылған картоп өнімі шілде айында жиналмақ. Жер бос болмас үшін, күздік егінге арналған жаңа дақылдар орналастыруға да қазірден әзірлік жұмыстары қолға алынған. Шаруалар тұрақты түрде мемлекеттен субсидия алуда десек, ол оларға үлкен демеу болуда екен. Айналадағы басқа да диқандар егіншіліктің көркің барынша қыздыруда. Бердібек Сапарбаев жергілікті тұрғындардың еңбекқорлығын атап өтіп, олардың жоғары өнім алуына деген тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар ол ұзындығы 7,4 шақырым болатын "Ауқатты-Бәйтерек" автожолы құрылысының барысымен танысты. Нысан ағымдағы жылдың 31 тамызында аяқталуы тиіс.

Бәрі жер иесінің қолына байланысты. Жерге ұқыптылықпен қарау керек, сонда ол толайым өнім ала алады, - деді аймақ басшысы.

Айта кету керек, ағымдағы жылы аймақтағы 352 шақырым жолды салу мен жөндеуге 6,9 миллиард теңге қарастырылған. Атап айтқанда, Қордай, Қаракемер, Масаншы, Ауқатты, Булар батыр, Сортөбе, Әлжан ана ауылдарындағы барлық көшелер толығымен асфальтталады.

Қордай шекара өткізу бекетін қайта жаңғыртуға тапсырыс беруші - "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы. Мұнда 5,2 млрд. теңге көлемінде екі кедендік терминал, гараж, тереңдетілген тексеру посты, қоймалар, иттерге арналған вольерлер, қалқа мен қоршаулар салынатын болады. Нәтижесінде шекара пунктінің өткізу қабілеті тәулігіне 15 мың адамға дейін артпақ. Алдағы жылдары Қырғыз Республикасымен шекарадағы барлық сегіз пунктті кезең-кезеңімен қайта жаңғырту жоспарлануда.

Аудан активімен боған кездесуде Бердібек Сапарбаев жергілікті биліктің ден қоюуы керек негізгі бағыттарды атап өтті. Ең алдымен, карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау маңыздылығын алға тартты.

Мұнда да мемлекеттік даму бағдарламаларының артықшылықтарын түсіндіру жұмыстары дұрыс жолға қойылмаған, содан халықтың кәсіпкерлік белсенділігі төмен. Қаражатты сапалы пайдалануда азаматтық сектор рөл атқаруы керек, жанашыр азаматтар құрылыс жұмыстарының барысын бақылауға белсенді қатысқаны дұрыс. Сондай-ақ, бизнес иелері  өз нысандары мен іргелес аумақтарды ретке келтіруге өз үлестерін қосуы қажет. Құрылыс материалдарының кемінде 90 пайызы отандық өнім болуы тиіс. Өңірімізді өз көкөністерімен және жемістерімен қамтамасыз ету жайы әлі де өзекті күйінде қалуда. Тағы бір мәселе - ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту. Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттырудың пилоттық жобасы да тиісті деңгейде жүзеге асырылмай отыр. Айдың соңында біз оның барлық қатысушыларын жинап, шаруалардың кооперативтерге қаншалықты белсенді қосылғандығын, қанша мал мен жемшөп сатып алатындығын және басқа да бағыттарын талдайтын боламыз. Біз суармалы суға тәуелділікті біртіндеп азайтуымыз керек, ол үшін шағын су қоймаларын салу ісін тездету қажет. Бүгінгі таңда бүкіл ел Қордай ауданына,  бұзылған құрылымдарды қалпына жедел келтіру және ең бастысы ішкі жағдайдың тұрақтанғандығына ден қойып отыр. Қазір біз барлық қиындықтарды еңсердік, мұндағы тіршілік өз қалыбына түсті деп сеніммен айта аламыз, - деп қорытындылады облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өзгелердің жаңалығы